Доллар арзандап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар арзандап барады

19.05.2020

Доллардың биржадағы бағамы түсіп барады. Сәуір айынан бастап АҚШ валютасы 33 теңгеге арзандады. Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы - 415,11 теңгеге тең. Осылайша бір тәулік ішінде шетелдік валюта 2,12 теңгеге, ал бір айда 12 теңгеге құнсызданды. Бүгін Алматыдағы айырбас нүктелерінде доллар 417-418 теңгеге сатылып жатыр. Ал сатып алу 415-416 теңге шамасында. Сарапшылар ұлттық валютаның нығаюын мұнайдың әлемдік бағасының қайта қымбаттауымен байланыстырып отыр. Ал соңғы күндері ірі қалалардағы айырбастау пунктерінде доллар сатылмай жатыр деген қауесет тараған. Бірақ, біздің тілшілер хабарласқан бөлімшелер АҚШ валютасының жеткілікті екенін растады. Десе де экономистер карантиннен соң доллар бағамының құбылып кетуін жоққа шығармайды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу