Бразилияда экономикалық ахуал нашарлап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда экономикалық ахуал нашарлап барады

23.01.2016
Бразилияда экономикалық ахуал нашарлап барады
Елде жұмыссыздар саны көбейіп, инфляция деңгейі 10 пайызға артқан.

Бразилия экономикасы 1930 жылдардан бергі ең күрделі рецессияға ұшырады. Елде жұмыссыздар саны көбейіп, инфляция деңгейі 10 пайызға артқан. Былтыр Бразилияның жалпы ішкі өнімі 3,7 пайызға азайды.

Биыл да экономикалық өсім 3 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Елде автокөлік өндірісі мен саудасы 30 пайызға азайған. Елдің ұлттық валютасы реал долларға қатысты екі есеге құнсызданды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу