«Астана» футбол клубы чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» футбол клубы чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

03.08.2017

Үшінші іріктеу турында Польшаның азулы командасы «Легиямен» кездескен астаналықтар сырт алаңда 1:0 есебімен алаң иелеріне жол берді. Алайда, қос ойынның нәтижесі бойынша 3:2 есебімен басым түскен елордалық команда үшінші жыл қатарынан еуро кубоктық жорығын жалғастыратын болды. Варшавада өткен кездесуде соғылған жалғыз голдың авторы - Якуб Червиньский. Енді «Астананың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы ертеңгі жеребе тарту рәсімінде белгілі болады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу