«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

08.08.2014
«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Футболдан Еуропа Лигасында өнер көрсетіп жатқан елордалық «Астана» футбол клубы сырт алаңда Швецияның «АИК» командасын ойсырата жеңіп, жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Стокгольм қаласында өткен қарымта ойын 3:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Ойындағы алғашқы голды 36-шы минутта Фокси Кетевоама салды. Ал, 54-ші минутта Дмитрий Шомко есепті еселей түсті. Кездесудегі соңғы голдың авторы - Бауыржан Жолшиев.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу