«Астана» футбол командасын Елбасы арнайы жеделхатпен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» футбол командасын Елбасы арнайы жеделхатпен құттықтады

08.12.2017

«Астана» клубы бұрын-соңды қазақ футболы тарихында болмаған жетістікке жетті. Кеше түнде Станимир Стоилов шәкірттері Еуропа лигасының топтық кезеңінде Чехияның «Славия» командасын сырт алаңда 0-1 есебімен тізе бүктірді. Голдың авторы - «Астананың» қорғаушысы Марин Аничич.  

Осылайша, елордалық клуб 1/16 көктемгі плей-офф кезеңіне жолдама алды. Астананың қарсыласы 11-желтоқсанда жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Олардың ішінде лондондық «Арсенал», Мадридтің «Атлетикосы» және «Милан» сияқты азулы командалар бар. Елордалық клубты Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы жеделхатпен құттықтады. Жеделхатта Астананың 20 жылдығы қарсаңында бұл жеңістің символдық мәні ерекше екені атап көрсетілген.

Хабарламаларға жазылу