«Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы матчтың өтетін күні анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы матчтың өтетін күні анықталды

07.08.2015
«Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы матчтың өтетін күні анықталды

Қазақстан чемпионы «Астана» футбол клубы Чемпиондар Лигасының плей-офф сынында кипрлiк «АПОЭЛ»  командасымен болатын алғашқы ойынды 16 тамызда өз алаңында өткізеді.

Ал қарымта кездесу Кипрде 26 тамызда болады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жеңiмпаз лиганың топтық кезеңiне өтсе, жеңiлгенi Еуропа Лигасына өтеді.

«Астана» Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысуда. Екiншi іріктеу кезеңiнде елордалық команда словениялық «Мариборды» ұтқан. Кейiн турнирден «ХИК» ығыстырды. Плей-офф кезеңіне өткен «Астана» 700 000 еуро табыс тапқан. Егер «АПОЭЛ» командасынан басым түссе, тағы 12 млн еуро алуы ықтимал. 

Хабарламаларға жазылу