Криштиану Роналдудың сириялық бүлдіршіндерге арналған видеожолдауы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналдудың сириялық бүлдіршіндерге арналған видеожолдауы (ВИДЕО)

26.12.2016
Криштиану Роналдудың сириялық бүлдіршіндерге арналған видеожолдауы (ВИДЕО)

Мадридтік «Реал» мен футболдан Португалия Ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду сириялық бүлдіршіндерге арнап видеожолдау жазды.

«Бұл сириялық балалар үшін. Сіздердің қиналып жүргендеріңізді біз білеміз. Мен өте атақты футболшымын, ал, сіздер - нағыз батырсыңдар. Үміттеріңізді үзбеңіздер. Бүкіл әлем сіздермен бірге. Біз сіздерге қамқор боламыз. Мен сіздермен біргемін»,- деп айтты ол Twitter-дегі  видеожолдауында.

2016 жылғы «Алтын доп» иегерінің мәлімдемесі «Save the Children» ұйымының жобасы аясында болды.

Португалиялық өте үлкен мөлшердегі қаражатты қайырымдылыққа берді. Бірақ, оның нақты мөлшері белгісіз. Бұл қаражат толығымен сириялық балаларға киім-кешек, тамақ, дәрі-дәрмек алуға және психологиялық көмек көрсетуге жұмсалады.

вамвыфмвамыфва

Ал, сириялық бүлдіршіндер өз кезегінде Криштиану Роналдуға  шексіз алғысын білдірді.

Хабарламаларға жазылу