Қатар-2022: Оливье Жиру Францияның үздік сұрмергені атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Оливье Жиру Францияның үздік сұрмергені атанды

05.12.2022

Франция құрамасы Польшаны артқа қалдырып, ширек финалға жолдама алды. Ал шабуылшы Оливье Жиру Франция тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Бұған дейін бұл жетістік құрамада 51 гол соққан Тьери Анриге тиесілі еді. Оливье Жиру поляктармен ойында өзінің 52-ші голын соғып, Анридің рекордын жаңартты.

Килиан Мбаппе Роналдудың рекордын жаңартты

Ал осы матчта дубльдің авторы атанған Килиан Мбаппе мундиальдың үздік мергендері тізімінде көш бастады. Ол Қатардағы біріншілікте бес гол соғып үлгерді. Сондай-ақ Мбаппе әлем чемпионатында соққан голдар саны бойынша Криштиану Роналдуды басып озды.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу