Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду

30.05.2014
Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду
Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы  өзінің банктік шотын бақыламайтынын мәлім етті.
 
«Шынымды айтсам, менде қанша ақша бар екенін білмеймін. Бастапқыда шотымда қаншасы қалғанын қарайтынмын, соңғы кездері оны тексермейтін болдым», - деген Криштиану Роналдудың сөзін келтіреді Daily Mirror.
 
«Кедей отбасында өскеніме қарамастан, алдыма мол пайда табу мақсатын қоймаймын», - деп атап өтті FIFA нұсқасының 2013 жылғы әлемдегі ең үздік футболшысы. 
 
Forbes-тың бағалауынша, 2013 жылы оның табысы 3 миллион долларды құраған.

Хабарламаларға жазылу