Жеңіс күні Петропавлда кең ауқымда тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс күні Петропавлда кең ауқымда тойланды

09.05.2014
Жеңіс күні Петропавлда кең ауқымда тойланды
 
Жеңіс күні Петропавлда да кең ауқымда тойланды. Облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған қала тұрғындары Мәңгілік алауға 10 мың тал қалампыр гүлін қойып, қанды қырғында қаза тапқан майдангерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
 
Қазір теріскейде 334 ардагер болса, бүгінге мерекеге тек 20-ға жуығы ғана келе алды. «Жыл сайын қатарлары сиреп бара жатқан қарт майдангерлерді құрметтеу - өскелең ұрпақтың парызы. Бүгінгі бейбіт күні сол кісілердің жанкештілігінің арқасы». Бұл жастардың пікірі. 
 
Сұрапыл соғыста етігімен қан кешкен жауынгер халықтың ұрпағы үшін ерлік пен елдіктің маңызы ерекше. Сондықтан, жыл сайын арадгерлерге үлкен қолдау көрсетіледі, әрі Жеңіс күні жалпыхалықтық мереке сипатына ие. Сондықтан, бүгінгі игі тілектердің барлығы арадагерлерге арналды.
 
Қасым Жүнісов, соғыс ардагері:
Айналайын қарақтарым, мына айналаға қараңдар, мынау ғимараттар, мынау халық осының бәрі сендердің ата-бабаларыңның, аналарыңның еңбегі. Бірі өліп, бірі жараланып осының бәрін сақтап қалды.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу