Басты Жаңалықтар Президент Туризм және спорт министрін қабылдады

Президент Туризм және спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Ол Президентке спорт саласын кешенді реформалауға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндалды. Мемлекет басшысы министрге вертикальді басқару жүйесін енгізуді жалғастыру, футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету бойынша бірқатар міндет жүктеді. Бұдан бөлек, туризм саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру маңызды міндет ретінде аталды.

Бөлісу