Басты Жаңалықтар Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді

Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Ресей православ шіркеуінің басшысы Астананың Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді. Діни рәсім – елдегі православиелік қауым үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғам үшін де мәні зор оқиға. Себебі бұл тарихи жадыны құрметтеудің, сенімге адалдық пен өзара сабақтастықтың белгісі. Сондай-ақ рухани дәстүрлерді нығайту және конфессияаралық татулықты дәріптеу. Сарапшылардың пікірінше, Патриарх Кириллдің сапары Қазақстанның дінаралық диалогты ілгерілетудегі айрықша рөлін айқындай түседі.


Бөлісу