Басты Жаңалықтар VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады

VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады

Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар жиынға бағасын берді. Форумға қатысқан дін көшбасшылары, сарапшылар мен саясаткерлер Қазақстанның диалог алаңы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, бұл съезд – тек дінаралық емес, сонымен қатар мемлекетаралық бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Шетелдік делегаттар Қазақстанның бастамаларын бүкіл әлем үшін үлгі деп бағалап отыр.

Саидмукаррам Абдукодирзода, Тәжікстан республикасының бас мүфтиі:

Бұл съезд тек Қазақстанға емес, Орталық Азиядағы барлық мемлекетке оң әсерін тигізіп отыр. Байқағаным, мұнда жиналған діндер көшбасшылары түрлі көзқарастағы адамдар болса да, әр пікірге ерекше құрмет танытады. Бұл осындай жиындардың тұрақты түрде өткізілуі қажет екенінің дәлелі. Қазақстан халқына және ел Президентіне әлем үшін маңызды бас қосуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін.

Бауыржан Бәкіров, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

Бізде білесіздер, елімізде 100-ден аса этнос, 18-ден астам конфессияның өкілдері өмірі сүріп жатыр және олар бейбіт келісімде өмір сүріп жатыр. Осындай кездесулердің арқасында. Біздің тәуелсіздік тарихымызда бірде-бір дінаралық қақтығыс болған жоқ. Осы үлкен нәтижесі деп ойлаймын.


Бөлісу