Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай №6 қалалық емхана ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетті. Онда дәрігерлер тіршілік тауқыметін тартып, қартайған шағында жалғыз қалған қарттарға қамқор бейіл танытып, қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады. Қариялар әлі тың. Тіпті, олар мереке күні ардақтап, құттықтап келген ақ халаттыларға арнап, концерт қойды. Ал, қаламды серік еткен зейнеткерлер ел егемендігіне арнаған жыр-шумақтарын оқыды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ