Алматыда ардагерлерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ардагерлерге құрмет көрсетілді

05.05.2021

Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Карантин талаптарына сай өткен шарапатты шарада музейдің тұрақты демеушілері ұсынған сыйлықтар, азық-түлік себеттері мен дәрі-дәрмектер табысталды. Жас өнерпаздар қарияларға арнап өнер көрсетсе, музей қызметкерлері ізгі тілектерін жеткізді. Ал жиын соңында ардагерлерге музей залдары мен ерекше экспонаттар таныстырылды. Бұдан бөлек, сырқаттанып, үйінен шыға алмай қалған қарттарға да түрлі сыйлықтар таратылды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу