Қазақ циркінің 45 жылдығы тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ циркінің 45 жылдығы тойланды

24.07.2015
Қазақ циркінің 45 жылдығы тойланды

Еліміздегі кәсіби цирк өнерінің негізін салған Қазақ Мемлекеттік циркіне 45 жыл толды. Атаулы мерекеге орай Алматыда «Он үш ғажайып» атты жаңа халықаралық театр-цирк шоу-қойылымы ұсынылды.

Таңғажайып шоуда цирк өнеріне жаңадан қадам басқан Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттері акробаттық өнер көрсетіп, би биледі.   

Мерекеге орай қойылған гала-концертте Қазақ циркінің дамуына еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу