Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

11.05.2020

Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды. Алматыда Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мегаполистегі аудан әкімдері әр қарияның шаңырағына кіріп, 75 жылдық мерейтоймен құттықтады. Арнайы сый-сыяпатын табыстады. Ал қаладағы 202 ардагерге әкімдік 1 миллион теңгеден сыйақы берді.

Осылайша алматылық ардагерлерге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың арнайы құттықтауы жеткізіліп, майдангерлер бір марқайып қалды. Жыл сайын қатары сиреген қарттарды қадірлеудің жөні бөлек, дейді Алматы әкімдігі.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу