Негізгі нысан – «Нұр Әлем» павильоны мұражай ретінде есігін қайтадан айқара ашпақ. Ал, Энергия холлы ресми және арнайы іс-шараларды өткізу орны ретінде пайдаланылады.
Павильон ғимараттары да бос қалмайды. Оның бір бөлігінде білім беру орталығы орналаспақ. Бұл жерде жасөспірімдерге жоғары технологиялар бойынша мамандық таңдауға көмек көрсетіледі. Ал, Конгресс-орталығы болса, өзгеріссіз қалады. Онда ауқымды мәдени және іскерлік шаралар өткізілмек.
«ЭКСПО-2017» ғимараттарын көрмеден кейін пайдалану бойынша негізгі бағыттардың бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия өңірінің қаржылық хабы болмақ.
Сондай-ақ, көрме алаңында «жасыл» технологиялар орталығы құрылады. Бұдан өзге, Конгресс-орталық жанынан көрме кешені де ашылмақ. Мұнда да мәдени және ресми іс-шаралар өтіп тұрады. «ЭКСПО» қонақтары 3 ай бойы Арт орталығын да тамашалаған еді. Бұл жер де сол қалпы сақталмақ. Алдағы уақытта мұнда IT технопарк жұмысын бастайды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ