EXPO-2017 көрме кешенiнiң құрылысы мамырда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрме кешенiнiң құрылысы мамырда басталады

04.03.2014
EXPO-2017 көрме кешенiнiң құрылысы мамырда басталады
EXPO-2017 көрме кешенiнiң құрылысы мамырда басталады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан Көлбаев мәлiмдеді.
 
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ көрме нысандарының техникалық-экономикалық негiздемесiн және жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеуде. Қазiргi уақытта техникалық-экономикалық негiздемесi 90 пайызға аяқталды. Бас жоспар жасалып, негiзгi сәулеттiк және техникалық шешiмдер құрылды. Алдын ала қаржыландыру бойынша iстер аяқталды. Бұдан басқа, баламалы энергия көздерiнiң нарығында талдау жүргiзiлдi»,-дедi Б.Көлбаев EXPO-2017 архитектуралық жобасы тұжырымдамасы таныстырылымына арналған брифингте. 
 
Оның айтуынша, бiрер уақыттардан кейiн көрме кешенi тұрғызылатын аймақта инженерлiк-геологиялық жұмыстар жүргiзiлмек. 
 
«Құрылыстың дайындық жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталады деп болжануда. Бiрiншi кезекте көрменiң басты нысаны - жалпы диаметрi 80 метр шар түрiнде келген «Қазақстан. Астана» павильоны бой көтередi», - дедi ол. 

Хабарламаларға жазылу