Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылыс жұмыстарына атсалысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылыс жұмыстарына атсалысады

18.12.2015
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылыс жұмыстарына атсалысады

Сапар барысында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының тауар өндірушілері мен туризм саласы бойынша көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ-ы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Шара аясында «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ басшылары және бас мердігер мекемелер тарапынан өңірлік бизнес-қауымдастықтармен кездесу өтті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапарының нәтижесінде Ұлттық компания мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ-ның бас мердігер мекемелері және тауар өндірушілер, туристік ұйымдар арасында 16 меморандум мен келісім-шарттарға қол қойылды.

Қол қою салтанатында Ербол Шорманов: «Астана ЭКСПО - 2017» компаниясы отандық бизнес өкілдеріне көмек көрсетуде. Аз қана уақыт бұрын Елбасы көрмеге дайындалу бойынша мәжіліс өткізді. Ол нысандардағы барлық әрлеу жұмыстарында мүмкіндігінше қазақстандық өнімдерді пайдалануды тапсырды. Аталған тапсырманы орындай отырып, біз қазақстандық қамтуды сатып алуды ұлғайтып отырмыз» - деп атап өтті.

Оның айтуынша, мұндай келісімдерге 13 облыс әкімдігі мен республикалық деңгейдегі екі қала қол жеткізген. Нәтижесінде, қазіргі таңда, ЭКСПО нысандарының құрылысына 232 отандық тауар өндіруші қамтылып отыр. Келісім шарттардың жалпы соммасы – 32,0 млрд. теңгені құрайды.

Өз кезегінде, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аталған іс-шараның ел экономикасында маңыздылығы жоғары екендігін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу