Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 600 млн. долларға жетті. «ЭКСПО» көрмесінде Ауғанстанның ұлттық күніне арнайы келген Ауғанстан атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулла осылай деді. Ауған премьер-министрі қазақ Президентін осындай шара өткізіп, Орта Азия рухын көтергеніне алғыс білдірді. Сапар барысында Абдолла мырза қазақ Премьер-министрімен, Білім және ғылым министрімен, бизнес өкілдерімен кездесіп, білім, ғылым, сауда, экономикалық бағытта бірқатар келісімдер жасалғанын мәлімдеді. Қазақстан Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. 1000-нан астам ауған студенттеріне 50 млн. доллар көлемінде қаржы бөліп, медицина, инженерия саласында жоғары білім алуға жол ашты.
Әйгерім АҒЫЛТАЕВА