Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні қалай өтті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні қалай өтті?

02.06.2015
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні қалай өтті?

Бүгін - болашақ талапкерлер үшін маңызды күн. Түлектердің алды  ҰБТ тапсырды.

Еліміз бойынша 165 пункт ашылып, 116-ы аудан орталықтарында, 49-ы Алматы мен Астана қалаларының жоғары оқу орындарында жұмыс істеді.

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ҰБТ-ның әділ әрі ашық түрде өтуін қатаң қадағалады. Нәтижесінде тест тапсырушылардан 100-ден аса қалта телефоны алынды.

Бүгін еліміз бойынша 20 мыңға жуық түлек тест тапсырды.

Ертеңнен бастап, еліміздің барлық тестілеу пункттерінде аппеляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия жұмысын бастайды. 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ 

Хабарламаларға жазылу