«ЭКСПО»-да Тувалудың ұлттық күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-да Тувалудың ұлттық күні өтті

04.09.2017

Халқы небәрі 10 мың адамдай Тувалу мемлекеті «ЭКСПО»-да ұлттық күнін атап өтті. Тынық мұхитындағы аралда орналасқан шағын ғана ел үшін мұндай халықаралық көрмеге қатысу - үлкен мәртебе. Сондықтан, Тувалудан келген делегация Қазақстан Үкіметіне алғысын білдіріп, Астанадағы «ЭКСПО»-дан жақсы тәжірибе жинағандарын жеткізді.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу