«ЭКСПО»-да Италияның ұлттық күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-да Италияның ұлттық күні өтті

05.09.2017

Қазақ-италиялық дуэт. Астанада Италияның танымал кернейшісі Нелло Сальца бастаған ансамбль елордалық камералы хормен бірге шағын концерт қойды. Мәдени шара «ЭКСПО»-да болған Италия ұлттық күнінің аясында ұйымдастырылды. Италиялық музыкант көптеген аты шулы фильмдерге саундтректер жазған, оның бірқатары Оскар жүлдесін иеленді. Италиялықтардың бұл тартуын астаналықтар да қошеметпен қабыл алды.

Айта кетерлігі, «ЭКСПО» арқасында қос елдің ынтымақтастығы арта түсті.  Екіжақты келіссөздер жүргізіліп, жақында бірқатар ортақ жобалар іске асырылатын болды.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу