Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап көрді (Видео)
Халықаралық шара кезінде «Нұр Әлем» павильонында шетелдіктерге Қазақстан туралы мол мағлұмат ұсынылмақ. Шар пішіндес ғимарат - көрменің басты нысаны. Елбасыға осы ғимаратта орналасқан «Болашақтың энергиясы» музейі таныстырылды. Сондай-ақ, Президент Астананың болашақ келбетін суреттейтін экспозиция мен 28 ғылыми жобаны қамтитын «Жасампаз энергия» аймағын да аралады. Ал, екі мың орындық «Конгресс-хол» орталығында қонақтарға сан салалы қызмет түрі ұсынылмақ. Мұнда ойын-сауық орталықтары мен конференция залдары орналасқан.
Нұрсұлтан Назарбаев орталықтың «Шаңырақ», «Аспан» залдарында да болды. Бұл жерде оған көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді
16.09.2025, 20:17

Заң мен Тәртіп болса, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады
16.09.2025, 20:15
Жамбыл облысында балалардың құқын қорғау басқармасы ашылады
16.09.2025, 20:14
Израиль Газа қаласын басып алу операциясын жүргізіп жатыр
16.09.2025, 20:12
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
16.09.2025, 20:08
Ұлттық волонтерлік желі арқылы 6 мыңдай ерікті оқудан өткен
16.09.2025, 20:07
Рени Хаттар: Дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдік аренада үлкен беделге ие
16.09.2025, 20:05
Сенат төрағасы: Жанжалдар бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс
16.09.2025, 20:03