Олардың ішіндегі ең озығын таңдау мақсатында Көкшетауда байқау ұйымдастырылды. Шарада ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология, энергетика сияқты салаларға қатысты 400-ге жуық жоба арнайы комиссия назарына ұсынылды.
Жұмыстардың ішінде іріктелініп алынған 3D форматындағы принтер стендін ерекше атап өтуге болады.
Бұл жаңа, заманауи құралды қазір Көкшетау қаласындағы оқу орындарының бірінде қолданысқа енгізіп жатыр. Принтер үш өлшемді бөлшектерді дайындауға мүмкіндік береді.
Тимур Ысқақов, Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
42 жоба іріктеліп, таңдалды. ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері және жас ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ