20 елдің студенттері EXPO-2017 көрмесіне арналған тұрғын кварталдың жобасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 елдің студенттері EXPO-2017 көрмесіне арналған тұрғын кварталдың жобасын ұсынады

26.05.2015
20 елдің студенттері EXPO-2017 көрмесіне арналған тұрғын кварталдың жобасын ұсынады

28-29 мамыр күндері Астанада «Көптеген мүмкіндіктері бар жайлы үйді жобалау» атты студенттер арасындағы  XI халықаралық сәулет байқауының финалы өтеді. Байқауға әлемнің 20 елінен 200-ге жуық студент қатысады.

Шараны француздық «Saint-Gobain» компаниясы және «Астана EXPO-2017» ҰК-мен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Жыл сайын байқау шеңберінде жас сәулетшілерге дүниежүзі бойынша мектептер, тұрғын ғимараттар, театрлар және тағы да басқа түрлі нысандарды жобалау ұсынылады. 2015 жылғы байқаудың тақырыбы - «Суық климатқа арналған тұрғын квартал – Астана, Қазақстан».

Жас сәулетшілер EXPO-2017 көрмесінің аумағында салынатын энергия тиімділігі жоғары тұрғын-үй кешендерінің жобаларын ұсынады. Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілер және «Астана EXPO-2017» компаниясының өкілдері бар.

Хабарламаларға жазылу