EXPO-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына ұсынылатын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына ұсынылатын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

27.07.2015
EXPO-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына ұсынылатын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

«Астана EXPO-2017» ҰК бас мердігерлері павлодарлық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу өткізді.  

Жиынға қатысушы компаниялар арасында «Кастинг» ЖШС, «ҚазЭнергоКабель» АҚ және «СТИРОЛ компаниясы» серіктестігі бар.

Мақсат - көрмедегі жергілікті мазмұнның көлемін ұлғайту.

«Павлодарда өткен кездесуде келісімшарт алдындағы мәмілелерге қол қойылған. Бүгінгі  басқосу - біздің бірлескен жұмыстарымыздың жалғасы. Өткен жылы материалдардың алғашқы партиясын жеткіздік.

Павлодардың металлургиялық кәсіпорындары арматураны 40 мың тоннаға дейінгі көлемде жеткізуге дайын. Бұл шетелден әкелінетін шикізаттың орнын толығымен басады», - деді облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко.

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облыстан құрылысқа 3 отандық тауар өндіруші тартылып, келісімшарттардың жалпы сомасы 760 миллион теңгені құрады.

Кездесуде «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Жаманбеков бас мердігерлер мен отандық тауар өндірушілерді диалогқа шақырып, көрмеге қатысудың түрлі шарттары ұсынылғанын еске салып өтті.

«Қазір көрменің ресми қатысушыларына ұсынылатын тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Тек құрылыстың шеңберінде тұйықталып қалмай, компанияларды түрлі салалардағы жұмыстарға тарту қажет», - деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары А.Жаманбеков.

 

Хабарламаларға жазылу