Премьер-министр Асқар Мамин Ашхабад Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр Асқар Мамин Ашхабад Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

02.06.2019

Келіссөздер кезінде энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік жайы сөз болды. Бұдан бөлек, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі де талқыланды. Сондай-ақ, Ашхабадтағы сапары барысында Мамин ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Жиын соңында елдер арасындағы әріптестікті дамытуға бағытталған 6 құжатқа қол қойылды. 

Осы апта Президенттікке үміткерлердің телевизиялық пікірталасы өтті. Кандидаттар өздерін өте салқынқанды ұстады. Қойылған сұраққа жауап берді, өз бағдарламасын таныстырды, пікір алмасты. Тікелей эфирде көрсетілген дебатқа 7 кандидаттың төртеуі қатысты. «Нұр Отан» партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі ретінде Мәулен Әшімбаев келді. Ал «Ақ жолдық» үміткердің шашбауын көтеріп, Азат Перуашев қатысты. «Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков тізгінді Әли Бектаевқа ұстатты. Телевизиялық пікірталас 3 раундтан тұрды. Сарапшылар соңында дебатқа оң бағасын беріп, тікелей эфирдің арқасында үміткерлерді басқа қырынан тануға мүмкіндік туды деп пікір білдірді. 

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу