Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

18.09.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті. Ашхабад қаласында өткен келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық байланысты нығайту жайы сөз болды. 

Жаһандық пандемияға қарамастан қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі артқан. Мәселен, биылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10 пайызға өсті. Ал Қазақстан арқылы Түрікменстанға теміржол жүктерін тасымалдау 55 процентке көбейген. Сонымен қатар Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаятының шекарасында арнайы сауда аймағын құру мәселесі көтерілді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу