Премьер-Министр жұмыс сапарымен Түркіменбашы қаласына барып, бірінші Каспий экономикалық форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Түркіменбашы қаласына барып, бірінші Каспий экономикалық форумына қатысты

12.08.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркіменбашы қаласына барып, бірінші Каспий экономикалық форумына қатысты. Пленарлық отырысқа Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердімұхаммедов, Ресей үкіметінің басшысы Дмитирий Медведев, Әзербайжан, Өзбекстан, Болгария  премьер-министрлері қатысты.  Форум аясында Асқар Мамин Түркіменстан басшысымен кездесті. Жүздесуде екіжақты сауда-экономикалық байланыс пен оны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Биылғы жарты жылдықта қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 68 миллион долларға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары.  Екі тарап шекаралас аймақтарда ынтымақтастық-байланысты арттырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Асқар Мамин Каспий теңізіндегі туризмді дамыту мәселелерін қозғады. Бұдан өзге, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау жөнінде жұмыстарды күшейту қажеттілігін айтты.

 Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу