Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі көптеген былықтың бетін ашып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі көптеген былықтың бетін ашып берді

20.01.2019

Қыр астында қару асынып, жасырын жүретін браконьерлер тым шектен шықты. Оған осы аптада қоғамның көзі түгелдей жетті. Жануарлардың жанашыры, қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі көптеген былықтың бетін ашып берді.

«Охотзоопром» республикалық мекемесінің инспекторы 13 қаңтар күні қарақшылар қолынан қаза болғаны мәлім. Еңбегін сауып, адал күн кешкен, ешкімнің ала жібін аттамаған Ерлан Нұрғалиев отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп кетті. Аядай ғана ауылдан шыққан жау жүрек жігіттің өлімін күллі қазақ елі қайғыра қабылдады. Киік деген киелі жануарды соңғы демі қалғанша қорғаған азаматтың ауылына Ербол Мәндібек арнайы барып, басына топырақ салып қайтты.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу