«Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер.
Адам болар баланың, маңдайы жазық келер», дейді қазақ мәтелі. Ырым әрине. Адамгершіліктің тамыры кең маңдайда, тақылдаған таңдайда емес, тәлім-тәрбиеде екені бесенеден белгілі.
Дәл қазір ертеңгі Балалар күніне арналған бейнебаянды көріңіз. Балаларымыздың ұйқысы тыныш, келешектері күндей шуақты болғай!