Республика күніне орай «Атамекен» әніне бейнебаян түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күніне орай «Атамекен» әніне бейнебаян түсірілді

25.10.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Республика күніне орай танымал әншілер мен ел тұрғындарының қатысуымен Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» патриоттық әніне бейнебаян түсірді. Түсірілімге 700-ден астам қазақстандық қатысты.

Жаңа бейнебаян Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау және Қарағанды облыстарында түсірілді.

Бейнеклипте «Атамекен» әнін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сарбаздары, Ұлттық ұлан әскерилері, Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері, «Ембімұнайназ» кәсіпорнының мұнайшылары, Т.Күзембаев атындағы шахта кеншілері, Қарағанды машина жасау зауытының көлік құрастырушылары, теміржолшылар, «Родина» агрофирмасының мамандары, тігіншілер және Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен өнер, спорт мектебінің тәрбиеленушілері қазақстандық әншілермен бірге орындап шықты.

Хабарламаларға жазылу