«Қазақстан» телерадиокорпорациясы балалар әндеріне байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы балалар әндеріне байқау жариялайды

08.06.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы балалар әндеріне байқау жариялайды. Дәстүрлі «Балдәурен» байқауы биыл 10 маусымда басталады. Оған балаларға арнап ән жазатын кез келген автор қатыса алады.

Үміткер студияда жазылып, өңделген MP3 форматтағы әнді, мәтінін, егер болса нотасын, baiqau@balapan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс. Әннің авторлары толық көрсетілуі міндетті. Жеңімпаздарды Көркемдік кеңес іріктейді. Үздік деп танылған әндерге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тегін бейнебаян түсіріп, «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналарының эфирінен көрсетеді.

«Балдәурен» байқауының мақсаты – балалар әндерінің көбеюіне үлес қосу. Байқаудың өткен жылғы кезеңінде 60-қа жуық автордан 109 ән қабылданған болатын. Оның ішіндегі үздік 5 әнге түсірілген бейнебаян қазір «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналарының эфирінен көрсетіліп жүр. Жеңімпаз әндердің «BalapanTV» You Tube арнасындағы қаралымы 6 млн-нан асқанын айта кеткен жөн.   


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу