Алматыда балалар ертегісінің фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар ертегісінің фестивалі өтеді

04.09.2014
Алматыда балалар ертегісінің фестивалі өтеді

Алматыда 14-қыркүйекте «Марципан» балалар ертегісінің фестивалі өтеді. Шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылмақ.

Фестивальге қатысушылар жұлдыздармен бірге сүйікті ертегілерін оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жиын барысында «Марципан» балалар мейрамханасы «Белсенді аналар клубымен» алғашқы кездесуін өткізеді. Онда іскер аналар арнайы мамандармен бірге мәселелерін талқылап, жауап іздейді.

Сонымен қатар, арнайы қойылымдар, спорттық ойындар, балаларға арналған шеберлік-сағаттары, қазақстандық балалар жазушыларымен кездесу өткізу жоспарлануда. 

Хабарламаларға жазылу