Президент «Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институтында» болды. Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасыға қала құрылысын баяндады. Алғашқысы – жүрдек автобус тасымалын іске қосуға мүмкіндік беретін «BRT. Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы.
Президент EXPO-2017 көрмесінің нысандары мен жаңа теміржол вокзалына тартылатын жолдардың жобасымен, Елорданың жылу магистралінің 4,5-ші кезегін салу, энергетика көздері ғимараттарын салу мен қайта жөндеу жұмыстарымен де танысты.
Елбасы сондай-ақ, Орынбор көшесіндегі, Салтанат қақпасы маңындағы Дөңгелек алаң мен Мыңжылдық аллеясындағы құрылыстар, шаһардағы ескі әрі апаттық жағдайда тұрған үйлерді сүру жөніндегі жұмыстарға да қанықты.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ