Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарымен танысты

08.10.2019

Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту жоспарымен танысты. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Президентке қаланы көгалдандыру жұмысы, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы жайлы баяндап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билік өкілдеріне Нұр-Сұлтандағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және қаланы көркейту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу