Президент бірнеше қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бірнеше қабылдау өткізді

09.02.2014
Президент бірнеше қабылдау өткізді
Өнеркәсіпті, электр энергетикасын және арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытып, шеттен инвестициялар тарту қажет. Президент осы аптада Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдап, осындай тапсырмалар берді.
 
Сондай-ақ, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жобасын сапалы әзірлеуді ескертті. Тағы бір кездесу. Президент елдегі дипломатиялық өкілдік басшыларымен жүздесті, осы сәрсенбіде.
 
Жиынға алпыстан астам елші мен дипмиссия басшылары қатысты. Дипломатиялық корпус өзгеріп тұрады. Құрамның биыл үштен бірі жаңарған. Елбасы шетелдің бизнес өкілдерін Қазақстанға белсенді инвестиция салуға, өндіріс орындарын ашуға, пайдалы қазбаларды терең өңдеу ісіне араласып, аграрлық өндірісті өркендетуге шақырды.
 
Бір жаңалық - биыл Мексика, Кувейт, Эфиопияда Қазақстанның елшілігі ашылатын болды. Себебі, сыртқы саясатта қазақтың елі қай елмен де әріптестікке әзір.
 
Ақордадағы тағы бір кездесу. Назарбаев Нидерландының Сыртқы істер министрі Ф.Тиммермансты қабылдады. Кездесуде тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалар жайын сөз қылды.
 
Нидерланд Еуропадағы серіктес ел. Осы күнге дейін бізге 48 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Былтыр арадағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жетті.
 
Еркін ТАНАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу