Түркиядағы елшілік қабылдау өткізді

10.05.2013
Түркиядағы елшілік қабылдау өткізді
«Озық елдің амалы көп» демей ме халық даналығы. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік қабылдау өткізді. Шараға Анкарадағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, әскери атташе, қазақстандық студенттер және әскери ұйым басшылары қатысты.
 
Олардың барлығы қазақтың ақ дастарханынан дәм татты. Мерекені бірге атап өтуге келген меймандар барша Қазақстандықтарды мейрамдарымен құттықтап, ел қорғанысының берік болуын тіледі.
 
Дженгиз Эргенеман, «Аселсан» акционерлік қоғамы  әскери-өндіріс кешенінің бас директоры:
«Аселсан» ұйымы қазір Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Біз бірігіп, әскери өнімдер өндіреміз. Қазақ елі бізге өте жақын. Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Кез келген мемлекеттің басты міндеті - ел тыныштығын қадағалау. Ел қамы, қауіпсіздігі деп жүрген азаматтарымыз аман болсын.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу