Елшілік салтанатты қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елшілік салтанатты қабылдау өткізді

13.12.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі салтанатты қабылдау өткізді.

Қазақстанды азаттық күнімен құттықтауға Түркияның үкімет мүшелері, белді саясаткерлер, ірі инвесторлар мен дипломатиялық корпус өкілдері келді. Бұдан бөлек Түркияда тұратын қандастарымыздың барлығы дерлік бас қосты. Жиылған қонақтарға қазақтың салт дәстүрлері

таныстырылып, ұлттық тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстаннан арнайы келген ұлт аспаптар оркестрінің өнері шетелдіктерді бей-жай қалдырмады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараның тағы бір ерекшелігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркия атынан арнайы сыйлық табысталды.

Айдос ӘШІМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу