Австрия астанасы Венада тұрғын үй жарылып, 12 адам зардап шекті. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрия астанасы Венада тұрғын үй жарылып, 12 адам зардап шекті.

27.06.2019

Австрия астанасы Венада тұрғын үй жарылып, 12 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауыр халде, қалғандары жеңіл жараланған. Оқиға жергілікті уақытпен күндізгі 4-тер шамасында болды. Жарылыстан 2 ғимараттың есік, терезесі сынып, бірнеше қабаты құлап қалған. Оның күшті болғаны соншалық, көршілес тағы бірнеше үйдің әйнектері шағылып, көшедегі көліктер зақымдалды. Қауіпті жағдайға байланысты, тұрғындарды түгел эвакуациялауға тура келген.

Полицияның хабарлауынша, апатқа газ жарылысы себеп болуы мүмкін. Жабдықтың ескіруіне байланысты, көгілдір отын ағып кетсе керек. Қазір құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу