Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты тапсырма берді

19.04.2023

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жарылыстың салдарын жою жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Еске салайын, бұдан 3 күн бұрын Жаңаөзен қаласында тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. Тағы 13 тұрғын зардап шекті. Қазір 6 адам ауруханада жатыр. Оның екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Дәрігерлер 23 жастағы әйелдің денсаулығында оң өзгерістер барын айтады. Жарылыстың салдарынан 9 отбасы баспанасыз қалды. Бүгін түстен кейін оқиға орнына сараптама орталығынан мамандар келеді деп күтілуде.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу