Маңғыстауда тұрғын үйдегі газ жарылып, 2 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда тұрғын үйдегі газ жарылып, 2 адам зардап шекті

07.10.2019

Маңғыстауда тұрғын үйде газ жарылып, 2 адам зардап шекті. Төтенше жағдай Бейнеу ауылында болды.

Жарылыстың қаттылығы соншалық, аумағы 300 шаршы метр жаңадан салынып жатқан үй опырылып, сау тамтығы қалмаған. Үйінділер астынан денесін күйік шалған 2 азамат табылды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Біреуінің жағдайы қалыпты болған соң, туыстарының үйіне жіберілді. Ал 20 жастағы азамат аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Төтеншеліктер үйде табиғи газдың жиналуы салдарынан жарылыс болғанын мәлімдеді.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқарма сының баспасөз хатшысы:

Денесін 78 пайыз күйік шалған. Енді оның жағдайы ауыр деуге болады. Бірақ есін жоғалтқан жоқ. Ол Өзбекстан республикасының азаматы болып шықты. Осы жағдайдан кейін оның анасы келген. Азаматты Өзбекстанға жеткізіп, қалған емді сонда жалғаситыруға әрекеттер жасалуда...

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу