Қытайдың оңтүстік-шығысында жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың оңтүстік-шығысында жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты

18.06.2019

Сычуань провинциясында күшті жер сілкінісі болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 122-сі жараланған. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты екенін айтты.

6 балдық зілзала дүйсенбіде түнгі сағат 11 шамасында болған. Жер асты дүмпулері Чаннинг және Гунсянь округтерінен бастап, 300 шақырым жерге дейін сезілді.

Жергілікті билік аталған екі елді мекенде төтенше жағдай жариялап отыр.

Апат салдарымен күресу үшін 300-дей құтқарушы мен 63 машина жұмылдырылған. Ал, баспанасыз қалған тұрғындар уақытша шатырларға орналастырылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу