Түркияның жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қаланды

24.03.2023

Түркиянының жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қаланды. Түркия Үкіметі мүшелері мен партия жетекшілері басқосқан Қаһраманмараш қаласындағы жиында Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде жаңа үйлердің іргетасын құю процесін бастатты. Бір жыл ішінде 650 мың үй салынады. Оның 30 мыңнан астамы ауылдарда бой көтермек. Үйлердің биіктігі 4-5 қабаттан аспайды және тастақ жерлерге салынады. Түркияның оңтүстік-шығысында бір жарым ай бұрын болған алапат жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болып, 500 мыңнан аса ғимарат қираған немесе бүлінген. Экономистер бұл апаттан Түркия экономикасына 100 млрд доллардан аса шығын келгенін айтады.

Хабарламаларға жазылу