Ауғанстанда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 280-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 280-ге жетті

22.06.2022

Ауғанстанның шығысында қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен кемінде 130 адам қаза тапты. Мұны бүгін осы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады. Құрбандардың көбі – Пактика провинциясының тұрғындары. Бұнда 100 адам өліп, 250-і жараланды.

Мерт болғандар Нангархар, Хост провинцияларында да тіркелді. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жан тәсілім еткендердің нақты саны анықталып жатыр.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Пәкістан шекарасы маңында 51 метр тереңдікте анықталды. Жер дүмпуі Ауғанстанда, Пәкістанда, Үндістанда 119 миллион адамға сезілген.


Хабарламаларға жазылу