Түркияда үйінді астынан Мирболат Құрмашевтің денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда үйінді астынан Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

10.02.2023

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттар астынан хабарсыз кеткен екінші отандасымыз Мирболат Құрмашевтің денесін тапты. Үйінділер арасынан арнайы ойық жасап, жедел әрекет еткен жасақ мамандары марқұмның денесін алып шықты. Осыдан бірнеше күн бұрын оны іздеген інісі Алмат Құрмашев арнайы техника мен құтқарушылар жетіспейтінін айтып көмек сұраған еді. Сондай-ақ, бұған дейін құтқарушылар Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Әділ Қадырбековтың денесін тапқан. Еске сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Хатай провинциясында Қазақстанның үш азаматы мен олардың түрік досы хабарсыз кеткен еді. 8 ақпанда жоғалғандардың бірі - Сабина Мамадьярова ғимарат үйінділерінің астынан аман-есен табылып, ауруханаға жатқызылды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу