Қамауда отырған 193 Бангладеш азаматы босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамауда отырған 193 Бангладеш азаматы босатылды

07.02.2019

Индонезияның Суматра аралында кәсіпорындардың біріне қамалған 193 Бангладеш азаматы табылды. Ғимаратқа көршілес үйлердегі тұрғындар күдікті шуды естіп, полицияға дереу хабарлаған. Бұл азаматтарды адам саудасымен айналысатындар Малайзияда жұмысқа орналастырамыз деп қолдарына түсірсе керек. Дегенмен, ғимараттың ішінде ауа жетіспей, олардың кейбіреулері есінен танып қалған.

Жергілікті көші-қон қызметі өкілдерінің айтуынша, жұмыс іздеп шыққандар Индонезияға туристік визамен барған. Олар көші-қон орталығында мән-жай анықталғанша ұсталып, кейін Бангладешке кері қайтарылмақ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу