АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 3500-ден астам қосымша жауынгер жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мексикамен арадағы шекараға 3500-ден астам қосымша жауынгер жібереді

04.02.2019

АҚШ Қорғаныс министрлігі Мексикамен арадағы шекараға қосымша 3750 әскери қызметкер аттандыру туралы шешім қабылдады. Жауынгерлер сол жерде жүрген америкалық шекара-кеден қызметкерлеріне мигранттар көшін тоқтату үшін қолдау көрсету үшін барады. Пентагон өкілдерінің сөзінше, шекарадағы күштердің жалпы саны 6 есеге артып, 4350 адамға жетеді. Жауынгерлермен бірге екі елдің арасына мобильдік бақылау жүйесі орнатылып, тексеру пункттері арасында 240 шақырымдық тікенек сым тартылады. Гондурас, Сальвадор мен Гватемаладан шыққан мигранттар керуені АҚШ-қа қарай былтыр күзде жылжи бастады. Олардың жартысы депортацияланып, ал, өзгелері Мексикада қалуды шешсе, қалғандары америкалық шекараға жақын маңда тұрып жатыр. Трамп әкімшілігі оларды тоқтату үшін Мексикамен арадағы қабырға тұрғызуды көздейді. Дегенмен, Ақ үй басшысының бұл жоспарына қолдау аз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу